Жұқпалы дерттен сақ болыңыздар

Дәрігерлер осылай деп тұрғындарға кеңес береді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова, қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қаламқас Даумбаева және қалалық №10 емхана бас дәрігерінің орынбасары Бақтыгүл Қаржауова мәлімдеді.

Баспасөз жиынында дәрігерлер жалпы медицина саласына, оның ішінде жедел жәрдемге ауыр салмақ түсіп тұрғанын жеткізді. Оның басты себебі – күзгі-қысқы маусымда жұқпалы дерттің бас көтеруі.

– Дәрігерлер әрдайым халықты емдеумен айналысып, аурушаңдықтың азайғанын қалайды. Жаздан бастап қазан айының соңына дейін біздің стансаға түсетін шақырулар біршама азайған еді. Ал қазір, қазан айының үшінші онкүндігінен бастап шақырулар көбейіп, тәулігіне орта есеппен 2300-2500 шақыртуға жетіп отыр. Былтырмен салыстырар болсақ, дәл осы кезеңде 1300-1500 шақырту түскен еді. Биылғы көмек сұраған қоңыраулардың ішінде көбісі, атап айтқанда 70 пайызға жуығы ЖРВИ, оның ішінде балалардың ауруына байланысты болып отыр. Әсіресе, ІІ тоқсан басталып, балалар мектепке барғалы жұқпалы дерт өршуде. Осы орайда күздің жылымшы ауа райына алданбай, ата-аналар балаларын жылы киіндіріп жүрсе деген кеңес айтамыз, – деді жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова.

Спикерлер, сонымен қоса, баланың бойынан қандай да болса дерттің белгісі көрінген жағдайда өз бетінше ем жасамай, мектеп-балабақша секілді қоғамдық орындарға жібермей, үйде қалдыруды, тездетіп жергілікті емханаға хабарласып, емделуді бастау керегіне бас тоқталды. Мұнымен қатар, емханаларда екпе салу орындары таңертеңгі 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.

x

Check Also

Денсаулық сақтау саласын өңірлік дамытудың бағдарламасы

Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен,  денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп Шымкент қаласының «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың ...

Көшпелі отырыс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында осы сипаттағы құқықбұзушылықтармен күрес шаралары, партияның сайлауалды ...