Сәуле шағынауданы талшықты оптика желісімен қамтылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Сәуле шағынауданы талшықты оптика желісімен қамтылады

Биыл Әл-Фараби ауданына қарасты 9000-нан астам халқы бар Сәуле шағынауданын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту жұмыстары жоспарланып, басқарма тарапынан жеке инвесторлар тартылған болатын.

Қалалық цифрландыру басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда, «СпецавтоматикаСервис» ЖШС тарапынан Сәуле шағынауданына оптика желісі толық жүргізіліп, 2500-ге жуық үйге талшықты оптика желісі жалпы саны 200 км қамтитын абоненттік кабель тартылды. Нәтижесінде, Сәуле шағынауданындағы 9000 нан астам қала тұрғындарын сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік жасалынуда.

Бүгінгі күні компания тарапынан тұрғындардан интернетке қосылуға өтінімдер қабылдануда. Тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда, «СпецавтоматикаСервис» компаниясы шағынауданды толығымен талшықты оптика желісімен (200 Мбит/сек жылдамдығына дейін) қамтамасыз ететін болады.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...