Жаңа пәтерге ие болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз

Бүгін «Шаңырақ» бағдарламасы аясында Тұран-2 шағынауданында орналасқан тұрғын үйлердегі пәтерлерге тікелей сатылым басталды. Отбасы банкі жариялаған ақпараттарға сәйкес, сатылымдағы таза әрлеудегі пәтердің 1 шаршы метрінің бағасы 200 000 теңгені құрап отыр. Жеңілдетілген пайыздық көрсеткішпен сатылымдағы жалпы пәтер саны – 305. Оның ішінде, 1 бөлмелі – 136, 2 бөлмелі – 147, 3 бөлмелі – 22.

Аталған тұрғын үйлердегі пәтер құны жобамен: 1 бөлмелі пәтер 8 508 000 теңгеге дейін; 2 бөлмелі пәтер 12 438 000 теңгеге дейін және 3 бөлмелі пәтер 15 548 000 теңгеге дейін.

Несиелік баспанаға қол жеткізуді көздеген азаматтардан өтініштер Отбасы банктің «otbasybank.kz» интернет-ресурсы арқылы осы жылдың 8-18 қараша аралығында қабылданады.

Алғашқы жарна пәтер құнының 10 % төлену арқылы, несие жылдық 5% — бен беріледі. Несие мерзімі – 20 жылға дейін. Максималды несие сомасы – 15 млн теңге.

Айта кету керек, аталған тікелей сатылым бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған Отбасы банктің салымшылары ғана өтінім тастай алады. Жаңа пәтердің иегері атанудың мүмкіндігін пайдаланып, өтінім жолдаңыз.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...