Қала әкімі Еңбекші ауданының қысқа дайындығын тексерді — Xnews — ақпарат агенттігі

Қала әкімі Еңбекші ауданының қысқа дайындығын тексерді

Шымкент әкімі М.Әйтенов Еңбекші ауданының қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын пысықтады. Қыста Еңбекші ауданы аумағын қардан тазалау жұмыстарын төрт мердігер («ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Бәйтерек Л.Б.» ЖШС, «Югдорсервис» ЖШС, «НұрТауСервис» ЖШС) мекеме жүргізеді.

Жалпы аудан аумағындағы орталық көшелердің ұзындығы 191 шақырым келетін 76 көшені қардан тазарту жұмыстары 10 бағытқа бөлінген. Әр бағыт сызбасы дайындалып, көшелердің ұзындығы есептелген. Кезекші бригадалар жұмысқа дайын. 210 адамдық жұмысшы топ, 60 арнайы қар күреу, құм себу және аяқжолдарды тазалау техникалары белгіленген.

Оның ішінде 46 техника қар тазалау және инертті материалдарды себуге арналған болса, 4 техника тиегіш (погрузчик), 10 техника самосвал бар.

-Қыс мезгілінде мектептерге баратын аяқжолдар әрі жарық әрі бірінші кезекте қардан тазаруы қажет. Бұл жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. Орындалуы өз бақылауымда болады — деді қала басшысы.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...