Шымкентте биыл 30 көше жарығы LED шамдарымен алмасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте биыл 30 көше жарығы LED шамдарымен алмасады

Шымкент қаласында жарықтандыру және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи энергия үнемдегіш LED шамдары орнатылуда.

Көше шамдарын қайта жаңарту жұмысы барысында 1 727 жарық шам мен 643 электр бағанасы ауыстырылып, 84 шақырымға жер асты кабелін тарту жоспарлануда. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының дерегінше, жыл соңына дейін 30 көшедегі түнгі жарық шамдар толық жаңарып, LED шамдары орнатылады.

Жарық шамдары қайта жөнделетін көшелер ішінде Темірлан тас жолы мен Гагарин, Түркістан, Төле би секілді қаланың басты көшелерімен бірге елдімекендегі көшелер де бар. Одан бөлек, қалада ағымдағы жылы 104 көшеде жаңа жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары басталса, оның 54 көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталды.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...