Пауэрлифтингшілер әлем чемпионатынан 11 жүлде жеңіп алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Пауэрлифтингшілер әлем чемпионатынан 11 жүлде жеңіп алды

21-31 қазан аралығында Литваның Вильнюс қаласында пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өтті.

Бұл сайыста Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары «Жатып сығымдап көтеру» жаттығуы бойынша 11 жүлде жеңіп алды: 6 – алтын, 2 – күміс және 3 – қола. Атап айтқанда, әйелдер арасында Ксения Хан (76 келі) 2 алтын, Алевтина Николаева (84 келі) 1 алтын, Азиза Абдураимова (84 келі) 1 қола жүлдеге ие болды.

Ерлер арасындағы бәсекеде Айдар Қошқаров 1 күміс және 1 қола, жасөспірімдер арасында Руслан Кәрімбеков (53 келі) 2 алтын, Жавлан Шаукатов (93 келі) 1 алтын, Тохиржон Абдурахманов (105 келі) 1 күміс және Қуанышбай Төлегенов (74 келі) 1 қола жүлдеге иелік етті.

Пауэрлифтинг бойынша түрлі халықаралық жарыстарда Қазақстан спортшыларының жеңісті дәстүрі бар. Оның ішінде, Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.

Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...