“Грантқа өткізіп беремін”: Шымкентте 10 адамды алдап кеткен әйел қолға түсті

Шымкенттің полиция қызметкерлері 10 адамды алдап кеткен әйелді анықтады. Күдікті грантқа өткізуге уәде беріп, олардың ақшасын иемденіп алған, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медия порталы.

24 қарашада Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында қаладағы оқу орнында ақылы оқитын қызын танысы грантқа өткізіп беремін деп сеніміне кіргенін көрсеткен.

Алайда арада уақыт өткенде танысы не уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай қойыпты. Келтірілген шығын көлемі 800 000 теңгені құрайды.

Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті әйелді қолға түсірді. Тергеу барысында оның осыған ұқсас 10 алаяқтық жайтына қатысы бар екендігі анықталды.

Барлық жағдайда ол жәбірленушілердің сеніміне кіріп, оқуға түсуге және грантқа өтуге көмектесемін деп алдаған. Соңынан ақшаларын иемденіп, ізін суытқан.

Қазіргі кезде азаматша жәбірленушілерге бас-аяғы 5 млн теңгеден аса залал келтіргені дәлелденіп отыр. Одан бөлек, басқа да аляқтық қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Бүгінгі таңда әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

x

Check Also

Шымкентте Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шара өтіп жатыр

Халқымыздың ХХ ғасырда басынан өткізген ең ауыр кезеңдерінің бірі — екінші дүниежүзілік соғыс. Тарихи деректер 1,2 миллион қазақстандықтың қан майданға ...

Шымкент: Әл-Фараби ауданындағы абаттандыру жұмыстары: ағымдағы жылы 33 балалар ойын алаңшасы салынады

Әл-Фараби ауданы – Шымкент қаласының қақ ортасында орналасқан әрі оның басты әкімшілік және мәдени тірегі саналады. Жалпы аумағы 19 880 ...