Қала әкімі Әл-Фараби ауданының қысқа дайындығын тексерді

Шымкент әкімі М.Әйтенов Әл-Фараби ауданының қыс мезгіліне керекті күш-құралдардың дайындығын тексерді.

Ауданында 404 көше бар. Оның ішінде 71 — басты көшелер, 333 көшесі ішкі орам көшелері.

Биыл қыс мезгілінде көшелерді тазарту үшін 22 бірлік техника, 8 бірлік тиегіш (погрузчик) техникасы, 7 трактор, 16 бірлік самосвал техникасы, жұмысшыларды тасымалдау үшін 4 бірлік автобус техникасы, 1 бірлік «автомастерская» техникасы, жалпы 58 техника 285 жұмысшы жұмылдырылған.

Қосымша қажеттілікке байланысты «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан 29 жалдамалы техникамен келісімшарт жасалған. Аудан көшелерін тазарту 4 бағытқа бөлінген. Әр бағыт бойынша схемасы дайындалып, көшелердің ұзындығы белгіленген.

Қар жауған сәттен бастап, кезекші бригадалар жұмысқа дайын. Жалпы аудан аумағын 4 сағат ішінде қардан түгел тазарту мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, көшелерге себетін тайғаққа қарсы 7000 м3 құм, 1100 тонна тұз және керекті инертті заттардың көлемі анықталған.

Қазіргі таңда қоймада 825 м3 инертті зат бар. Қала әкімі таңғы қызу қозғалыс басталғанға дейін көшелердің қардан тазартылуын, техникалардың тексерістерін және төтенше жағдайлар кезінде хабарласу колл-орталықтардың жұмысын тиімді ұйымдастыру жұмысын аудан әкіміне тапсырды.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...