ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов жұмыс сапарын Наурыз шағынауданында жүргізіліп жатқан кәріз жүйесінің жұмысымен танысты. Әл-Фараби ауданындағы 64 525 абоненттің 86 пайызы кәріз жүйесімен қамтылса, 8309 (14%) абонент қамтылмаған.

Наурыз шағынауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту үшін құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған. Бүгінде Тайман, Еркіндік, Сүлейменов және Мейірбеков көшелері кәріз жүйесіне қосылды. Кәріз жүйесіне арналған құбыр Қазиев көшесіндегі коллекторға қосылады. Одан бөлек, Самал шағынауданын кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Аталған шағынаудандардағы жұмыстар келер жылға өтпелі, жұмыстар толық аяқталғаннан кейін кәріз жүйесімен қамтылған абоненттер саны 58 072-ге жететін (90%) болады. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталып, жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысымен танысқан қала әкімі көшелерді толық және сапалы түрде қалпына келтіруді, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...