Шымкент – инновация жұмылдыру бойынша алғашқы орында

Үшінші мегаполис инвестиция тарту бойынша 2021 жылы Қазақстанда бірінші сатыға шықты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде айтылды. Жиында «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның 9 айда атқарылған жұмыстары баяндалды.

АҚ басқармасының төрағасы Бауыржан Канкиннің мәліметінше, 2019 жылы негізгі капиталға құйылған инвестиция бойынша Шымкент 17-орында болса, 2020 жылы 2 орынға шығып, биыл көш бастап келеді. – Қазіргі уақытта «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» жеке инвесторлармен бірлесіп 100 жобаны жүзеге асыруда.

Ол инвестициялық жобалар портфелінің жалпы сомасы 679,4 млрд теңгені құрайды. 2021 жылдың 9 айының алдын ала есебі бойынша «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» пайдасы 2,9 млрд теңгені құрады.

Ал жалпы биыл 5,6 млрд теңге таза пайда көрсеткіші күтілуде, – деді Бауыржан Тоқболатұлы. ӘКК жұмысының негізгі бағытының бірі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру. Осының аясында 2020 жылы жалпы салмағы 7 600 тонна болатын ұн, қант, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, макарон секілді азық-түлік тауарлары сатып алынған. «Ал 2021 жылдан бастап ӘКК қарыз беру тетігіне көшті.

Бұл бүкіл Шымкент қаласын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтуға мүмкіндік береді», – деді спикер. Айта кетейік, «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарының негізінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына көмектесу бойынша жұмыс атқарады.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...