Екі жылда барлық елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылады

Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 69-ы сапалы сумен қамтылған, 5 елді мекенге кестемен берілсе, 7-іне ауыз су тасымалданады. «Әкім сағаты» бағдарламасында қала әкімі Мұрат Әйтенов елді мекендердің ауыз сумен қамтылуы жөнінде баяндап өтті.

Биыл қалада 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйенің құрылысы жүргізілуде. Осы жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 2 шағын ауданда (Тұран, Ынтымақ-2) құрылыс жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін суды тасымалдайтын Солтүстік саяжай, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас тұрғын алабтары мен кестемен беріліп келген Жаңаталап, Сауле ( ДКЗ) ш/а, Нұртастың жаңақұрылыс аумағында құрылыс жұмысы аяқталады. Нәтижесінде 25,6 мың адам ауыз суға қол жеткізіп, қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өседі.

Жыл соңына дейін 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Қаламыздың даму жоспарына сәйкес, алдағы 2023 жылы сапалы ауыз су мәселесі толығымен шешіледі.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...