ШЫМКЕНТТЕ 10 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН — Xnews — ақпарат агенттігі

ШЫМКЕНТТЕ 10 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 9 айда атқарылған есебін қабылдады. Басқарма басшысының міндетін атқарушы М. Шотанов қалада жастар саясатын жүргізуде атқарылған жұмыстарды баяндады.

Басқарма бүгінде 5 бағыт бойынша жұмыс атқарса, соның бір бағыты – жастар саясаты. Шымкентте қазір 14-29 аралығындағы 239 986 жас бар, бүгінде олар қала халқының 22,3%құрайды. Есепті кезең бойынша 10 215 жас жұмыспен қамтылған. Оның ішінде уақытша жұмыс – 4 362, бос жұмыс орындарға –3 315, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға –1 132, кәсіптік оқуға –1 094, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде – 214, Жол карта аясында –98 жас буын жұмысқа жолданған.

Бүгінде қалада жұмыс істеу мен ізденуге ниеті жоқ, яғни NEET бағытында жастар 7,3 (16 207) пайызды құрайды. Жыл соңына дейін көрсеткішті төмендету үшін 1 332 жаспен жұмыс жүргізу көзделіп отыр.

Волонтерлікті қолдау мақсатында Meyirim.kz электрондық қайырымдылық порталы іске қосылған. Қазір онда 31 қайырымдылық қоры, 19 заңды тұлға, 4 әлеуметтік дүкен, 73 ерікті тіркелген. Бүгінге дейін портал арқылы 3 773 мұқтаж отбасыға көмек көрсетілген.

Қаладағы волонтерлік ұйымдар бүгінге дейін әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға 7000-ға жуық азық-түлік себетін таратқан.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...