ШЫМКЕНТ: ЭПИЗООТИЯҒА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бекітілген жоспарына сәйкес, «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» және жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Анықтама профилактикалық іс-шаралар: Құтыру ірі қара мал – 230 бас, ит – 100 бас, Аусылға ірі қара мал – 6 525 бас, ұсақ мал – 8 875 бас, Сібір жарасы ірі қара – 3 760 бас, ұсақ мал – 7 170 бас, жылқы – 1 220 бас, Бродзот ұсақ мал — 5 120 бас, Құс тұмауы үй құстарына – 17 674 басқа екпе жұмыстары жүргізілді.

Анықтама қан сынамасын алу (диагностикалық) іс-шаралар: Бруцеллез ірі қара мал – 11 070 бас, ұсақ мал – 15 761 бас, жұқпалы эпидидемит – 353 бастан қан сынамалары алынып өңірлік ветеринариялық зертханаға жіберілді.

Бірдейлендіру жұмыстары бойынша: Жыл басынан бері 21 285 бас ІҚМ, 35 959 бас уақ мал, 128 бас шошқа және 1088 бас жылқылардан алынған төлдер бірдейлендірілді.

Қараусыз қалған көше ит-мысықтарын аулап жою жұмыстары бойынша: Тұрғындар тарапынан 54 өтініш түсті. Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау бойынша бекітілген бригадалар жалпы 880 бас қаңғыбас ит-мысықтарды (810 ит, 70 мысық) аулап, Еңбекші ауданында орналасқан Абдулла-Абад тұрғын алабындағы уақытша ұстау орталығына жеткізді.

x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...