ӨКПЕСІ 80 ПАЙЫЗ ЗАҚЫМДАЛҒАН НАУҚАС САУЫҒЫП ШЫҚТЫ

Шымкенттің білікті дәрігерлері 55 жастағы Нүрила Асқарбекқызын аман алып қалды. Науқастың өкпесінің 80 пайызы зақымдалғаны анықталған.

Ол 9 қыркүйек күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметі арқылы келіп түскен болатын. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызады.

Науқас коронавирус инфекциясы мен тыныс жетіспеушілігінің салдарынан жасанды тыныс алу аппаратына қосылады. Оған қоса науқастың қандағы оттегі мөлшері шамалы көтерілгендігі байқалады.

Ауруханада дәрігерлер оған хаттама бойынша толық ем көрсетіп, антикоагулянтты және
антибактерильдық терапия бойынша көмек көрсетеді.

Қазіргі кезде науқастың жағдайы жақсы. Дәрігерлер тыныс алу жиілігі жақсарған, өздігімен тыныс алуда дейді.

Бүгінде денсаулығы жақсарған науқас отбасымен қауышты.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...