Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 374 көпқабатты тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өтті.
Ауданда кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құруға байланысты тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, бұл бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде.
Осыған орай, бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде МИБ және жай ЖС құрудың тиімділігін түсіндіру мақсатында тұрғындармен 521 жиналыс ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде, 374 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда ол 76,6 пайызды құрап отыр. Оның ішінде, 289 көпқабатты тұрғын үйде жай серіктестік, 58-інде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Сондай-ақ өткен аптада көпқабатты тұрғын үй тұрғындарымен 27 жиналыс өткізіліп, хаттамаларын түзілді.
Бүгінгі таңға дейін Әл-Фараби аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен 493 жиналыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 53 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Сондай-ақ, 225 тұрғын үй жай серіктестікке өтті. Қосымша мүлік иелерінің бірлестігін құру бойынша 33 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда.
Қазіргі таңда, Қаратау ауданы аумағында МИБ және ЖС-ні түсіндіру бойынша тұрғындармен 78 кездесу, 16 онлайн жиналыс ұйымдастырылды. Аудан бойынша 9 МИБ және 280 ЖС құрылды. Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары нәтижесінде қалған көпқабатты үйлерден хаттамалар жинақталып жатыр.
Еңбекші ауданында қазіргі уақытта 630 көпқабатты тұрғын үйдің алтауынан МИБ, 296-нан ЖС түріндегі келісім мен 42 бас тарту хаттамалары жинақталды. Сонымен қатар, жалпы 503 үйге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылдың 10-21 қазан аралығында Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан 70 көпқабатты тұрғын үйге түсіндіру жұмыстары атқарылып, қол жинау үшін тұрғындарға хаттамалар берілді.