Құдірет Досымов – самбодан жастар арасында әлем чемпионатының жүлдегері

Шымкент қаласының спортшысы Құдірет Досымов самбодан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Жастар арасында әлем чемпионаты 15-17 қазан аралығында Грекияның Салоники қаласында өткен болатын. ҚР жастар құрамасы командалық есепте 3 орынға жайғасты.

Отандық балуандар 2 алтын, 3 күміс және 11 қола жүлдеге ие болды. Команда сапында 88 келіде бақ сынаған Құдірет Досымов күміс жүлдеге қол жеткізді. Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...