«DALA KILEMDERI» ӘРІ САПАЛЫ, ӘРІ ҚОЛ ЖЕТІМДІ

Шымкентте «Bal Tekstil» компаниясының ұйымдастыруымен «Dala kilemderi» көрме жәрмеңкесі өтуде.

Жәрмеңке өткізудегі негізгі мақсат — отандық кілемдердің сапасы шетелдік кілемдердің сапасынан кем түспейтіндігін дәлелдей отырып, танымалдығын да арттыру. Сол себепті отандық кілемдермен қатар Бельгия, Түркия, Иран, Ресей, Өзбекстан және Молдова елдерінің кілемдері де қойылған.

Жалпы, «Bal Tekstil» компаниясы қазақстандық кәсіпкерлермен түркиялық «Kartal Carpets»
компаниясының бірлескен жобасы. Компания аз уақыттың ішінде 2000-ға жуық кілем дизайнын жасап сапалы әрі тиімді бағасымен халықтың зор ықыласына ие бола отырып, отандық және халықаралық сапа конкурстарынан жүлделі орындарды иеленді.

Қазіргі таңда фабрика жылына 5 млн. шаршы метр кілем мен 4 000 тонна полипропиленді жіп өнімдерін өндіруге қауқарлы. Кілемдер инновациялық қондырғыларда, дәлірек айтқанда Бельгияның «Michel Van De Wiele» атты тоқыма құрылғысында, Германияның тоқымаға қажетті «BCF», «Heat-Set», «Frize» түрлері «Oerlikon Neumag», «Аllma Volkmann» жіптерімен Францияның «Superba» атты машиналарымен істелінеді.

Қазіргі таңда «Bal Tekstil» компаниясы 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ал кілемдері жәрмеңкесі 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді.

x

Check Also

Абай мұрасы ұрпаққа аманат

Бүгін AMANAT партиясының «КІТАП-AMANAT» жобасы аясында Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі мен «Абай Хакім» мұражайының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына ...

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Бас ми тамырынан қан кетіп, геморрагиялық инсульт алған 67 жастағы науқас комаға түскен. Өмірі қыл үстінде тұрған пациенттің өмірін сақтап ...