ДІНИ КОНФЕССИЯ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

ДІНИ КОНФЕССИЯ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Бүгін — Қазақстанда Рухани келісім күні. Осы даталы мерекеге орай Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан діни конфессиялардың басшыларымен кездесті.

Шара барысында тараптар өзара пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

Кездесуде сөз алған қала басшысының бірінші орынбасары 1992 жылдан бастап бұл күн елімізде атаулы күн ретінде аталып келетініне тоқталып, қаладағы діни конфессиялардың өзара ынтымақ-бірлігі мен қоғамдағы рөлін сөз етті.

Басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдаулет Абдрахманов, «Казанской иконы Божией матери» жергілікті православиелік діни бірлестігі протоиерейінің көмекшісі Алексей Королевский және Шымкент қаласының «Агапе» Інжілдік христиан шіркеуінің пасторы Андрей Шаталовтар сөз сөйледі.

Жиын соңында конфессия өкілдері қала әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Сонымен бірге Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай діни конфессия өкілдері арасында татулық пен келісімді нығайту, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында өткізілген кіші футбол жарысының 1 орын жүлдегерінің діни бірлестік жетекшісіне кубок табысталды.

Шымкент қаласында 11 конфессияны білдіретін 118 діни бірлестік тіркелген.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...