Әл-Фараби ауданы әкімі жастармен кездесті

Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі Рашид Мыңбаев белсенді жастармен кездесті.

Жастар орталығында өткен басқосуда Нұр-Сұлтан қаласы отбасы демографиясы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі, кәсіби психолог Лимана Қойшиева, қаладағы жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Бекзат Толыбаев, даңқты спортшы Нұрболат Қуандықов және ауданның өзге белсенді жастар қатысты.

Аудан әкімі мемлекетімізде жастарға арналған бағдарламалар мен тың жобалар жайлы сөз қозғады.

– Еліміздің болашағы өздеріңізсіздер. Қазақстанның болашаққа барар жолы сіздердің даму деңгейлеріңізге, ұмтылыстарыңызға және қоғамдық өмірге араласу дәрежесіне тікелей байланысты. Әл-Фараби ауданында халық саны шамамен 207 мың адамды құраса, оның 43 459-ы жастар (19,7%). Бүгінде ауданымызда жастармен бірлесе «Таза қала», «BIZBIRGEMIZ: TAZAALEM» акцияларын өткіздік. Алда талай жобаларды бірге қолға аламыз. Жақсы идеяларыңыз, тың жобаларыңыз болса менің есігім сіздер үшін әрдайым ашық. Кез-келген уақытта кездесіп, жаңабастамаларды қолдауға дайынмын,-деді Рашид Мамытұлы.

Жиын барысында жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен суицит, жұмыспен қамту және жастардың спорт деңгейін дамыту жайында талқыланды. Жастар өздері қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...