ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ» АТТЫ ЖАС СУРЕТШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ — Xnews — ақпарат агенттігі

ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ» АТТЫ ЖАС СУРЕТШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Шымкентте қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік құрдастары» атты жас суретшілер көрмесі ашылды. Кескіндеме өнеріндегі келісті туындылар топтастырылған шара Тәуелсіздіктің 30 жылдық
мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Көрмеге С. Абдураимова, А. Бұхарбаева, А. Тасболатова, Ж. Абдалимова сынды жас қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған. Жалпы, 30-ға жуық картина ұсынылған.

Кештің ашылуында сөз алған кітапхана директоры Нұрила Жұманова аталған көрме жас суретшілердің туындыралын танытуға септігін тигізетінін жеткізді. Сондай-ақ, жас қылқалам шеберлерінің жаңа шығармаларды дүниеге әкелуге ынталандыратынын тілге тиек етті.

Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары жас суретшілердің туындыларын 31 қазанға дейін «Абай » атындағы орталық кітапханадан тамашалай алады.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...