Қала әкімі Ақтастағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын тексерді — Xnews — ақпарат агенттігі

Қала әкімі Ақтастағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын тексерді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ақтас» шағынауданындағы су және газ жүйелерінің құрылыс барысын аралап көрді.

Ақтас-2 шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мердігер мекеме «Алтын констракшен» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары атқарылуда. Биыл шілде айында басталған құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтау жоспарда. Жалпы ұзындығы 50,9 шақырым суаққының 43,0 шақырымнан астамы салынып, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Жалпы жұмыстың (ІІ көтеру сорғы стансасын орнату, өрт сөндіру гидранттарын және ысырма (задвижка) орнату) 95 %-ы орындалды. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін тұрақты түрде сапалы ауыз су берілетін болады. Қала әкімі абоненттеу жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып, тұрғындарға бұл бағыттағы жұмыстарды түсіндіру бойынша тапсырма берді.

Сондай-ақ, шағынауданды табиғи газбен қамту бойынша мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары биыл қазан айында басталады. Жобаның жалпы құны– 536 млн теңге. Газ құбырының ұзындығы – 17 шақырым. Құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...