Қала әкімі құрылысы жүріп жатқан жылу жүйесімен танысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Қала әкімі құрылысы жүріп жатқан жылу жүйесімен танысты

Шымкент қаласының коммуналдық инфрақұрылымын дамыту қала басшысының басты назарында.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов осы бағытта атқарылып жатқан әрбір құрылысты тікелей бақылауына алып, оның сапасы мен мерзімінде аяқталуын қадағалауда. Бүгін қала әкімі Ерімбетов көшесінің бойындағы жылу жүйесінің құрылысын аралап шықты. Жалпы ұзындығы 6 шақырымға жуық жылу құбырының 4,1 шақырымы орындалған. Ол желі осыдан бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген Нұрсәт шағынауданындағы АДЦ-160 Гкал қазандығына барып жалғанады.

Осылайша мамандар жаңа қазандықтың артық қуатын қаланың орталық бөлігіндегі нысандарын жылытуға да пайдалануды көздеп отыр. Нысан құрылысын мердігер мекеме «Компания Нурай Строй» ЖШС-гі жүргізуде.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...