Шымкентте биыл 3 подстанция іске қосылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте биыл 3 подстанция іске қосылады

Қаладағы барлық тұрғындар электр жарығымен қамтылған болса, оның ішінде сапалы электр қуатын қажет ететін шағын аудандар бар. Сапалы жарықпен қамту үшін осы жылы 9,4 млрд.теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілуде.

Бұл жөнінде қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов брифинг барысында айтты.

Спикердің мәлімдеуінше, жыл соңына дейін 3 подстанция пайдалануға беріледі. Оның бірі жақында іске қосылған «Бозарық» қосалқы электр станциясы. Қалған «Ақжар» мен «1-М-1» қосалқы станциялар жыл аяғында тапсырылады. Сонымен бірге 7 елді мекендегі құрылыс жұмыстары аяқталып, 21,3 мыңға жуық халық сапалы электр қуатына қосылады.

Ішкі жүйелер – Жалын, Ақжар, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алаптарында жүргізілуде. Нәтижесінде, сапалы электрмен қамту деңгейі 95%-дан 97%-ға жеткізу жоспарлануда.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...