Халықты сапалы ауыз сумен қамту — басты міндет — Xnews — ақпарат агенттігі

Халықты сапалы ауыз сумен қамту — басты міндет

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың солтүстік бөлігіндегі суаққы құрылысының жұмысымен танысты.

«Асар-2» ықшам ауданынан бастап Төлеметов көшесі мен Алматы трассасының қиылысына дейінгі магистралды су құбырының құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Нысан құрылысы мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС-гі тарапынан биылғы жылдың мамыр айында басталған. Магистралды су құбырының жалпы ұзындығы 11,7 шақырым болса, бүгінде оның 9,5 шақырымы салынған.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын осы жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамамсыз ету басты міндеттердің бірі екенін айтқан қала басшысы салалық басқармаға жұмыс барысына күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ал, мердігер мекемеге нысан құрылысын сапалы салуды және уақтылы аяқтауды міндеттеді.

Жалпы қалада құрылысы жүргізіліп отырған 3 магистралды су құбырыны пайдалануға берілгенде қаладағы 250 мыңға жуық халық үздіксіз сапалы ауыз сумен қамтылады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...