Шымкент экономикасының өркендеуіне құрылыс саласы серпін берді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент экономикасының өркендеуіне құрылыс саласы серпін берді

Құрылыс қала экономикасына серпін беретін сала. Биылғы жылдың өзінде қаламызда барлық қаржыландыру көздері есебінен 275 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Қала тарихында бірінші рет пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы алаңы 1 млн шаршы метрді құрайтын болады. Оның ішінде 109 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, барлығы 6708 пәтер пайдалануға беріледі.

Салаға бағытталған қаржының 44 пайызын немесе 48,7 млрд теңгесін жеке инвестиция құрайды. «Shymkent» ӘКК» ЖШС-гі арқылы 18 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілсе, жеке құрылыс компаниялары тарапынан 58 тұрғын үй кешендері салынуда. Бюджет есебінен 4832 пәтерлі 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның ішінде 22 – арендалық, 57 – кредиттік үйлердің құрылыстары іске асырылуда. Жыл соңына дейін 2432 пәтерлі 39 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Арендалық 6 үй мен кредиттік 33 үйдің жалпы алаңы 141 мың шаршы метрді құрайды.

Қазіргі таңда 46 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегіне алынған. Жеңілдетілген несиелік шартпен 2096 пәтер беру жоспарланса, жұмыс істейтін жастарға, көпбалалы аналарға және халықтың әлсіз әлеуметтік топтарына жататын тұрғындарға арналған 1916 коммуналдық пәтерлер пайдалануға беріледі.

Халықтың аз қамтылған санаттары үшін 500 тұрғын үй сертификаты беріледі.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...