Шымкент тұрғындарының 100 пайызы ковидке қарсы екпенің і компонентін алды

Коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Шымкент қаласы «жасыл аймаққа» өтті. Үшінші мегополисте індеттің таралуы азайып, инфекциялық стационардағы төсек орындардың басым бөлігі қысқартылды.

Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша бұл – иммундау шарасының нәтижесі. Шымкент қаласы коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша бастапқы 100 пайыз жоспарды орындады.

Бүгінгі күні вакциналауға жататын 536 мың азаматтың барлығы індетке қарсы екпенің І компонентін салдырған. Бұған қоса бұл категорияға қосымша 60 мың адам қосылған. Ал, ІІ компонентін 454 848 адам алған.

Айта кетейік, қаладағы мемлекеттік және жекеменшік емханаларда ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары аптаның жеті күнінде сағат 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...