Коронавирустық инфекцияны диагностикалауға арналған зертханалық кешен ашылды

Шымкент қаласында «Ұлттық сараптама орталығы» МК мен Израильдің AID Genomics халықаралық геномдық компаниясы арасындағы келісім шеңберінде коронавирустық инфекцияны диагностикалауға арналған зертханалық кешен ашылды.

Кешеннің салтанатты ашылу рәсіміне Израильдің Қазақстандағы Елшілігі Миссиясы басшысының орынбасары Галина Френкель, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қатысты.

AID Genomics жұқпалы ауруларды диагностикалауға мамандандырылған жетекші диагностикалық компания ынтымақтастық аясында коронавирустық инфекцины зерттеу жабдықтары бойынша гуманитарлық көмек көрсетті.

Бұл зертханалық жабдық тәулігіне 2500-ге дейін тест орындауға қабілетті, өнімділігі жоғары толық автоматтандырылған кешен болып саналады.

Зертханамен бірге нәтижелерді қалыптастыру, процесті мониторингтеу және жеделдету үшін жасанды интеллект технологиясы қолданылатын жеке әзірленген қамтамасыз ету бағдарламасы пайдалануға берілді.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...