Шымкентте коронавирустан қайтыс болған науқас туралы не белгілі?

Шымкентте коронавирустан қайтыс болған науқасқа қатысты мәліметтер шықты, — деп хабарлайды Xnews.

Ведомство мәліметінше, 1962 жастағы ер адам қайтыс болған.

Науқас 11 сәуірде Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған.

«Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен «Қарағанды-Новосбір» бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда дене қызуы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. 58 жастағы ер адам инфекциялық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Ол денсаулығының нашарлауына байланысты реанимациялық бөлімнің ИВЛ аппаратына қосылған. Науқас бұған дейін артериалдық гипертензия ауруымен диспансерлік есепте тіркеуде тұрған», — дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Ер адамның бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында реанимациялық бөлімде қайтыс болғаны айтылады. Науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, стационарға жатқызылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысында «Al-Farabi» интеллектуалды ойынына 200 команда қатысып, үздіктері анықталды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс көлемінде өткізілген «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі өз мәресіне ...

Түркістанда «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысында 8 сәуірден бастау алған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін облыс орталығында қорытындыланды. Еліміздің 7 облысынан атап айтқанда Абай, Қарағанды, ...