Бадам өзенінің бойын абаттандырудың екінші кезеңі жүруде — Xnews — ақпарат агенттігі

Бадам өзенінің бойын абаттандырудың екінші кезеңі жүруде

Бүгін қала әкімі Бадам өзені аумағын абаттандыру жұмыстарын тексерді. Мұнай зауытынан Забадам шағын ауданына дейінгі аумақта қазір құрылыс жұмыстарының 2-ші кезеңі жүргізілуде.

Алғашқы кезеңде 3 шақырым аумақ жөнделіп, пайдалануға берілді. 2014 жылы бастау алған екінші кезеңдегі жобаға сәйкес 6,7 шақырым жер абаттандырылуда. 2021 жылға дейін 4,5 шақырым өзен жағалауы бетондалып, 311 жарықшам орнатылған. 12 мың шаршы метрге асфальт жабындысы төселген, жаяу жүргіншілер көпірі мен 2 бөгет салынып, 24 мың шаршы метр аумақ абаттандырылған.

Қазір жаяу жүргіншілер жолы мен айналаны шолу көпірін салу, жағалауды бетондау және 4,8 шақырым аумақты абаттандандыру жұмысы атқарылуда.

Нысан 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...