Ауданда техникалардың қысқа дайындығы тексерілді

Қаратау ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов арнайы техникалардың қысқа дайындығын пысықтау үшін «Zhasyl zher» мекемесінің мамандарымен кездесті.

Мердігер мекеменің 150-ге жуық қызметкер мен 50 техникасы ауданның негізгі көшелері мен көпқабатты үйлердің ауласына тазалық жұмысын жүргізеді.

Аудан әкімнің орынбасары мекемедегі қар күрейтін және жаяу жүргіншілер жолын тазалайтын арнайы техникалардың жұмыстағы бағытымен танысты. Құм мен тұз қоспасының сапасы — 1кг тұзға 3 кг құм болу талабының орындалуын, жиналған қарды тасымалдау сызбасы кестеге сай жүргізуді тапсырды.

Ең басты талап – қар жауған сәтте тұрғындардың кептеліссіз жетуіне жағдай жасау үшін жолдарды таңғы қарбаласқа дейін тазалуды жүктеді.

x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...