Шымкентте 23 гүлзар мен 4 саябақ салынады

Шымкентте қаланы жасыл желекке айналдыру және көгалдандыру жұмыстары ұдайы басты назарда. Бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Олардың барлығына арнайы қызметкерлер күн сайын ерекше күтім жүргізеді.

Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов 30 жылда экология бағытында талай іс тындырылғанын, дегенмен әлі де атқарылатын шаруа көп екенін айтады. Оның айтуынша, Еуропа елдерінде әр адам басына 24 шаршы метр жасыл желектен келеді екен.

Ал еліміздегі Алматыда – 13 шаршы метр, Шымкентте 5-6 шаршы метрді құрайды. Жалпы стандарт бойынша жан басына шаққанда жасыл желек 10 шаршы метрден кем болмауы тиіс. Сондықтан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің хаттамалық тапсырмасына және шаһарды көгалдандыру мен көріктендіруге байланысты жасалған арнайы бағдарламаға сәйкес 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады. «Қаладан 23 жер аумағынан гүлзарлар салу жоспарланған. Ол аймақтарда жыл сайын гүлзарлар салынады. Келесі жылға 6 аумақта гүлзар құрылысын жүргізу жоспарда тұр.

Шымсити шағынауданынан 47 гектар аумаққа саябақ салынады. Ол көлемі жағынан шаһардағы дендросаябақтан кейінгі екінші үлкен парк болады. Биыл «Фиркан сити» сауда–ойын-сауық орталығының маңындағы бұрынғы қоқыс полигонының орнынан салынып жатқан жаңа саябақтың құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Және келесі жылы 12-шағынауданда 1.6 гектар аумақты құрайтын тағы бір саябақтың құрылысы аяқталады»,-деді басқарма басшысы.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...