«КҮМІС ҚАЛАМ» ПОЭЗИЯ КЕШІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты жас ақындар арасында республикалық «Күміс қалам» поэзиялық кеші мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас ақындардың ішінен оза шауып, жарқырай көрінген үздіктер анықталды.

Ақтөбе облысынан келген Ершат Қайболдин әдеби байқаудың бас жүлдесі «Күміс қалам» иегері атанды. Жеңімпазға арнайы күмістен жасалған қалам мен бағалы сыйлық табыс етілді.

Алматы облысының өкілі Айдана Қайсарбек финалист атанып, «Есенғали Раушанов» атындағы арнайы сыйлықпен марапатталды.
Жартылай финалға өткен 4 ақын – Нұрболат Жолдасбек (Жамбыл облысы) «Жәркен Бөдешұлы», Әлімжан Әлішер (Шымкен қаласы) «Әбілда Аймақ», Мұқағали Кенжетай (Түркістан облысы) «Жеңіс Баһадүр», Салтанат Мадиярқызы (Шымкент қаласы) «Әділ Ботпанов» атындағы сыйлыққа ие болды. Қалған 14 ақынға қаламақы мен бағалы сыйлықтар берілді.

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева қатысушыларға алғысын жеткізіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.

Іс-шарада Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Алдияр, «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұстазы Абай Қалшабек, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» мүшесі Бекмұрат Анарбаев ақындарға өз бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтады.

Айта кетсек, байқаудың мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жеткен жетістіктерді насихаттау, әдеби үрдісте дарынды жас ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу.

x

Check Also

Қоғамдық көлікте тегін жүретін азаматтар саны артты

Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес, 2024 жылдың 1 мамырынан бастап қоғамдық көлікте 14 жекелеген санаттағы азаматтарға ...

Жоспар талқыланып, меже нақтыланды

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер төрағаларының қатысуымен «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында ...