Әл-Фараби ауданында аулалар абаттандырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Әл-Фараби ауданында аулалар абаттандырылды

Шымкент қаласы әкімінің тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл Әл-Фараби ауданындағы аулалар абаттандырылып, бірқатар демалыс, балалардың ойын алаңы мен спорт алаңдары пайдалануға берілді.

Ел игілігіне берілген алаңдар Отырар шағын ауданындағы №11, 12, 13, 38 көпқабатты үй мен Әбдіразақов көшесіндегі №3, 9, 1, 2,15 үй, Байтұрсынов көшесіндегі №10, Жангелдин көшесіндегі № 8, 8А үй, және Қабанбай батыр көшесіндегі 11А мен 11Б үй ауласында орналасқан. Құрылыс жұмысы аяқталған аулаларға балалар алаңшалары, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар, қоқыс жәшіктері және ойын элементтері орнатылған.

Сонымен қатар, алаңшалардағы ойын құрылғының барлығы Шымкент қаласында өндірілген. Қалада ашылған жаңа демалыс орны тұрғындарға серуендеуге және дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік береді. Балалар алаңдары, ересектерге арналған демалыс орындары да қарастырылған.

Осы жылдың тамыз айында басталған абаттандыру жұмысын «Indigo Print» мердігер мекемесі жүргізді. Айта кетсек, жыл соңына дейін ауданда тағы 18 аула абаттанып, пайдалануға беріледі.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...