ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Исамутдинмен бірге ауданға мол еңбегі сіңген Шымкент қаласының құрметті азаматтары атанған Мұқан Омаров пен Нұрғали Нұртаевты төл мерекесімен құттықтады.
— Үлкенді сыйлап, оларға құрмет көрсету – ата-бабамыздан келе жатқан салтымыз.

Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың орны біз үшін бөлек. Еліміздің өсіп-өркендеу жолында әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым мен парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Аман жүріңіздер, ұрпақтарыңыздың қуанышына бөлене беріңіздер! — деді аудан әкімі.
Әл-Фараби ауданын 1040 тыл ардагері, 2 ҰОС ардагері, 17 мыңға жуық зейнеткер ардагерлер бар.

x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...