Шымкентте бір адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте бір адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды

Бүгін коронавирус инфекциясын жұқтырғаны Шымкент қаласының тұрғыны қайтыс болды. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен құрбан болғандар алты адамға жетті ,-деп деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі.

Марқұм 1964 жылы дүниеге келген Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елді мекенінің тұрғыны болған.

Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Мәскеу-Алматы бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Сәуірдің үшінде дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Халі мүшкіл болған соң, жансақтау бөлімшесіне ауыстырылыпты. Алайда көп ұзамай демі үзілген. Вирусты жұқтырған науқас бұған дейін қант диабетімен ауырған, қан қымысы да жоғары болған. Бір жыл бұрын туберкулезге шалдығып, ем қабылдаған екен. Марқұм эпидемиялогиялық режимге сәйкес жерленеді дейді дәрігерлер.

  • Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен кезден бастап науқастың жағдайы өте ауыр болған. Жасанды желдету аппаратына қосылған. Қарқынды терапия жүргізілуіне қарамастан, жүрегі тоқтаған. Бүгін таңға жуық 03:50-минутта қайтыс болу фактісі тіркелген. Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 14 жағдайы тіркелген. Оның 10-ы байланыста болған, 12 коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жағдайы тұрақты. 55 жастағы пациенттің жағдайы ауыр, деді қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев.

Марқұм азаматтың денесі эпидемиялогиялық қарсы сақтау режиміне сәйкес жерленеді.

Ал транзиттік көлікте науқаспен қарым қатынаста болған ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарда оқшауланған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...