Әлем чемпионатына баратын боксшылар құрамы белгілі болды

Ұлттық құраманың екі оқу-жаттығу жиыны мен спарринг қорытындысы бойынша кейбір салмақ дәрежелерінде Сербияда өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан намысын қорғайтын боксшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Xnews.

Қайрат Сатжанов бастаған жаңартылған жаттықтырушылар штабы келесі құрамды таңдады:
48 кг. Теміртас Жүсіпов.
51 кг. Сәкен Бекбосынов.
54 кг. Махмуд Сабырхан.
57 кг. Серік Теміржанов.
60 кг. Саматәлі Төлтаев.
63,5 кг. Санатәлі Төлтаев.
67 кг. Абылайхан Жүсіпов.
71 кг. Асланбек Шымбергенов.
75 кг. Нұрқанат Раймс.
80 кг. Нұрбек Аралбай.
86 кг. Бек Нұрмағанбет.
92 кг. Айбек Оралбай.
+ 92 кг. Нұрлан Сапарбай.

Қазақстан құрамасының капитаны болып Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, екі Олимпиаданың қатысушысы Абылайхан Жүсіпов тағайындалды.

Бокстан ерлер арасындағы 2021 жылғы Әлем чемпионаты 24 қазан мен 6 қараша аралығында Сербияда өтеді.

x

Check Also

Спортсмены завоевали 14 золотых медалей на Кубоке Азии по ашихара-карате в Ташкенте

На Кубоке Азии по ашихара-карате, проходившем в Ташкенте, спортсмены из Актау завоевали 14 золотых и две серебряные медали. Об этом ...

Отандық спортшылар әлем кубогында 15 жүлде алды

Спорттық гимнастикадан 6 кезеңнен тұратын Әлем кубогы мәресіне жетіп, жерлестеріміз үздік көрсеткіштерін тіркеді. Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, ...