Түркияда «Road show Istanbul «Welcome to Turkistan-2021» өтті

Ағымдағы жылдың 18 қазан күні Түркістан облысының туризм басқармасы мен «Turkıstan Tourısm Center» ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен Түркияның Ыстанбұл қаласында “ROAD SHOW ISTANBUL “WELCOME TO TURKISTAN-2021” өткізілген іс-шарасы өз мәресіне жетті.

«Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» аталуына және Ыстанбұл қаласымен іскерлік байланыстарды кеңейту, екі елдің туристік индустриясы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты арттыру және «Заманауи Жібек жолы» жобасын таныстыру мен екі ел арасында туристік өнімдерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Аталған ісшараға, Түркітілдес елдерінің кеңесінің өкілі, Tүркияның туристік агенттіктер қауымдастығының (TURSAB) өкілі, қазақ консулдігі, Түркияның туризм саласындағы туроператорлар және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

x

Check Also

Түркістан облысы ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген жобалар саны бойынша көш бастады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен инвесторларды сүйемелдеу үшін «Бір терезе» қағидалары бекітілген. Осы қағидалар шеңберінде республика деңгейде Ұлттық цифрлық ...

Зиянкес шегірткеге қарсы күрес жұмыстарының кезекті көрсеткіші

Ауданымызда ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкестерден қорғау арқылы өнім сапасын арттыруға және шаруаларға келетін экономикалық залалдың алдын-алу мақсатындағы зиянкес шегірткелерге қарсы ...