Спорт саласының ардагерлерімен кездесу өтті

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Аудандық ішкі саясаттың тапсырысымен «Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруында «Еңбек — елдің мұраты» жобасы аясында ауданның спорт саласының ардагерлерімен кездесу іс-шарасы өтті.

Кездесуге Қазақша күрестен, самбо және дзюдодан бірнеше мәрте абсолютті чемпион, ауданның түңғыш спорт шебері, » Еңбек сіңірген спортшы»,» Білім беру ісінің үздігі», Ел чемпионатының екі дүркін, облыс чемпионатының бірнеше дүркін, Азия біріншілігінің жүлдегері Байқожаев Қуат бастаған 20 дан астам спорт шеберлерін дайындаған — Ұлас Момынов пен еркін күрестен елдің құрама командасында күрескен, спорт шеберлері арасында күресте үш дүркін, Марокко елінде өткен әлем біріншілігінде самбодан чемпион, Кипр мемлекетіндегі әлем біріншілігінде қола жүлде иегері, самба, дзюдодан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы атанған — Зияев Құрмансейіт Додайұлы және 19 жасынан грек-рим, қазақша күреспен айналысып, республика студенттерінің универсиадаларына қатысып, жеңістерге жеткен,

Қазақстан жастары арасындағы турнирда 2 дүркін, ересектер арасында 2 дүркін чемпион атанған, Рига қаласының самбо біріншілігінде жүлдегер, Прибалтика самбо біріншілігінде жүлдегер атанған Тлеуов Мақсат Қуатбайұлы шақырылды. Кездесуге түрлі саладағы азаматтармен қатар, жас спортшылар келді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә. ЫСҚАҚ, Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, ақын, сазгер Қ.ЖЫЛҚЫБАЙ іс –шараға қатысты.

Ұлас Момынұлы жетістікке жету үшін үлкен дайындық қажеттігін, тәртіптің болуы, салауыттылық қажеттігін, ұлтжанды болу, өз елін, өз тілін сүйіп, оны меңгеру қажеттігін атады. Қ. Зияев спорттағы, қиындықтарға, жауапсыздыққа, әділетсіздікке байланысты өз ойларын білдірді. Қай уақытта да адал, иманды болуға шақырды.

Мақсат Қуатбайұлы жаста берілген тәрбиенің өмірде серік болатыны, қазіргі уақытта да телеарналардан үзбей көріп, жарыстарға барып тамашалайтынын айтты, жастарды спортпен айналысуға үндеді.

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...