Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен ер азаматтың үстінен іс қозғалды

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Шымкент қаласының тұрғыны Вьетнам елінде жұмыс істеп келген,-деп хабарлайдыXnews ақпараттық медиа-портал Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

10 наурыз күні карантиннен қашып кеткен жігіт Мәскеуден Алматы қаласына ұшып келген. Осы рейстегі жолаушылардың бірінде коронавирустың белгісі анықталыпты. Сол себепті басқа да жолаушылар Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына 14 күнге карантинге жіберілді. Алайда Шымкет қаласының тұрғыны медициналық мекемеден қашып кетіпті.

Арыс аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, қашып кеткен ер адам Арыс қаласындағы ата-анасының үйінен тауыпты. Содан кейін Арыс қаласының жедел жәрдем дәрігерлерімен бірге ер адам қайтадан Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Полицейлердің хабарлауынша, ер адам Вьетнамда жұмыс істеп, короновирустың салдарынан Алматы қаласына Мәскеу арқылы транзитпен ұшып келген.

Қазір оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы “Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып кетіпті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысында «Al-Farabi» интеллектуалды ойынына 200 команда қатысып, үздіктері анықталды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс көлемінде өткізілген «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі өз мәресіне ...

Түркістанда «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысында 8 сәуірден бастау алған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін облыс орталығында қорытындыланды. Еліміздің 7 облысынан атап айтқанда Абай, Қарағанды, ...