Мемлекет басшысы еліміздегі экономикалық ахуал жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің және Мемлекет басшысына тікелей бағынышты органдардың жетекшілерімен кеңес өткізді. Онда әлемдегі қаржылық-экономикалық ахуал және оның Қазақстан экономикасына әсері жөнінде мәселелер талқыланды,- деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Үкіметке, Ұлттық банкке және басқа да мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Басты тапсырма – мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындау.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, премьер-министрдің тікелей басшылығымен Шұғыл әрекет ету штабы құрылды.

Дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспары әзірленеді, ірі кәсіпорындарда халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөнінде арнайы жоспар дайындалады. Президент халықты мүмкіндігінше көбірек жұмыспен қамту мәселесін аса маңызды деп санайды.

Үкімет 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныс енгізеді.  

Мемлекет басшысы бюджет шығындарын қысқарту, өңірлерде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еліміздің қаржы-валюталық нарығын тұрақтандыру, республикалық және жергілікті   бюджеттерді оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткені туралы хабарладық.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Өз құттықтауында Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше екенін айтты. – Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ ...

Түркістанда тоқыма-мата өндірістік базасын салу бойынша келіссөздер жүргізілді

Түркістан облысында мақта және тоқыма кластерін дамыту жолға қойылған. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік ірі компанияның бас директорымен кездесіп, мата ...