Жеке кәсіптерін ашқандар қатары көбейген — Xnews — ақпарат агенттігі

Жеке кәсіптерін ашқандар қатары көбейген

Қазығұрт ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Мемлекеттік бағдарлама аясында шағын несие алып, жеке кәсіптерін ашқандар қатары көбейген. Нәтижесінде ауыл тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылып, әлеуметтің әлеуеті артқан. Бүгінде аудан көлемінде 100 азамат қайтарымсыз жаңа бизнес идеяларға мемлекеттік грант алып өз шаруаларын дөңгелетуде.

Қазығұрт аудан әкімі Арман Абдуллаев аудан көлеміндегі мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алған азаматтардың жұмыс барысымен танысты. Солардың бірі  Гүлчехра Найманбаева  мемлекеттің қолдауымен тігін цехын ашыпты. Басты мақсаты  өзі қызығушылық танытатын іспен айналысу еді. Шағын кәсіпті бастау үшін несие алып, қажетті техникалар сатып алды. Қазір құрбысы екеуі ортақ іспен айналысып, табыс табуда.

Гүльчехра Найманбаева —  Тігінші

Бүгінде ауданымызда кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейткен азаматтардың қатары артып келеді. Соның бірі Қазығұрт   ауылының тумасы Ізбасар Руслан  Ол ағашқа бар күш-жігерін салып, тұрмысқа керекті әртүрлі жиһаз жасаумен айналысады.   Ағаштан түрлі бұйымдар жасайтын ерекше қабілетінің арқасында бүгінгі күні мол табысқа кенеліп отыр. Алған несиеге ағашты ойып, қашайтын құралдарында сатып алыпты.

Ізбасар Руслан  — Ағаш шебері

Арнайы білім алып, кәсіпкерлік негіздерін меңгергендердің көп бөлігі ауыл азаматтары.  Атап айтқанда тігін шеберханасын ашу, ағаш шеберханасы, мал шаруашылығын дамыту, кондитерлік қызмет және тағы басқаларға алыпты. Жалпы   49 азаматар жастар, 11 азамат мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 12 азамат атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 28 азамат жұмыссыздар қатарынан.

Мақсұт Алпысбаев — Жұмыспен қамту орталығының маманы

Жаңа жұмыс орындарын ашуды, шалғайдағы елді мекен тұрғындарының әлеуетін көтеруді көздейді. Олар мемлекеттік бағдарламаның шапағаты мол екенін айтады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...