Ясауи кесенесі 200-ге жуық шамдармен жарықтандырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Ясауи кесенесі 200-ге жуық шамдармен жарықтандырылды

Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағының ажары тағыда ашыла түсті. Қожа Ахмет Ясауи, Рабия Сұлтан Бегім, Есімхан мазарлары мен сегіз бұрышты кесенемен бекініс қабырғасы түндеде жарық. Кесенені жарықтандырудың бірегей жобасы жүзеге асты.

Кесенелердің бүкіләлемдік тізіміне кірген қасиетті мекеннің ғажайып сәулет туындысы бұдан былай  алыстан мен мұндалап тұрады. Салтанатты шараға келген өңір басшысы игі жобаға өз ойын білдірді. Түркістандағы күзгі туризмның шымылдығын ашты. Көне шаһар қонақ қабылдауға әбден дайын. Оған барлық жағдайлар қарастырылған.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

облыстағы эпид ақуалдың тұрақтылығы, өңірдің жаз айларыңда жасыл аймақта тұрақтылығы себеп болып тұр.

Жарықтандыру ісіне қала тұрғындары ерекше қуанып отыр. Түркістандықтар мен қала қонақтары  көрнекті нысанды кешқұрым аралауғада мүмкіндік алды.  Оң бастамаға ақсақалдарда алғысын жаудырды.

Жарылқасын Әзіретбергенов – Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының  төрағасы

Дербес жарықтандыру шешімі заманауи жарықдиодты технологияның және әртүрлі шамдарды қолдану нәтижесінде жасалған. Ясауи кесенесін жарықтандыру жобасында шамамен 187 шам қолданылды. Кесене қабырғаларын біркелкі жарықтандыру үшін реставрациялық материалдардың түпнұсқалығын ескере отырып, жерге әр түрлі оптикадағы сызықтық шамдарды қолдану туралы шешім қабылданған.

x

Check Also

Түркістан облысында маңызды жобаларды жүзеге асыру бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Кездесуде облыста жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, әріптестікті нығайту ...

Объявление. Антитеррористические учения пройдут в Шымкенте

5-6 декабря 2025 года в городе Шымкент пройдет антитеррористическое учение. В ходе учения будут отработаны вопросы оперативного реагирования на различные ...