Шымкентте ішкі істер органдары реформалануда

Шымкентте тәртіп сақшыларының қызметі сервистік модельге көшуде. Бұл жүйе полиция мен қоғамға қауіпсіздікке қатысты мәселелерді бірігіп шешуге мүмкіндік береді. Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Алмас Әмзеев жаңа модельдің артықшылықтарына тоқталып, саладағы кадрлық саясатты баяндап берді.

Полиция – елішілік тұрақтылық пен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей жауапта орган. Ендеше, оның жұмысын жетілдіріп, заман талабына сай реформалап отыру – уакыт талабы. Жасыратыны жоқ, қоғамда полицияның имиджіне қатысты әртүрлі пікірлер бар. Айтылар сын да аз емес.  Бүгінде ішкі істер органдарын реформалау басталып кетті. Салаға жауаптылар сервистік полиция ең бастысы тәртіп сақшыларын халыққа барынша жақындата түседі, дейді.

Алмас Әмзеев, Шымкент  қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары 

Жылдан-жылға халық саны артып келе жатқан Шымкентте полицейлер жетіспеушілігі сезілуде. Қазір жергілікті тәртіп сақшылары артық жүктемемен жұмыс істеуге мәжбүр.  Департамент өкілдері милионды қалада өзге мегаполистермен салыстырғанда  полицейлер қатары едәуір аз дейді.

Алмас Әмзеев, Шымкент  қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары

Бұдан былай полицейлер жұмыс істеу жүйесін ғана ғана емес киім үлгісін де өзгертеді.  Тәртіп сақшылары кроссовка, бәтеңкелер түріндегі аяқ киімдер киеді.  Полиция қызметкерлерінің киімі күнделікті жұмысқа барынша ыңғайлы болады.

x

Check Also

Гимн в тысячи сердец: Шымкент отпраздновал День государственных символов у самого высокого флага мегаполиса

У подножия самого высокого флага Шымкента разлился мощный хор, сотканный из множества голосов. В 11 утра здесь зазвучал Государственный гимн ...

Мыңдаған жүректің үні: Шымкент Мемлекеттік рәміздер күнін елдік рухпен атап өтті

Шымкент қаласындағы ең биік Ту тұғырында мыңдаған жүрек бір ырғақта соғып, Мемлекеттік гимн әуеледі. Сағат 11:00-де қала аспанын шарлаған осы ...