Сайрамда жеке инвестордың қаржыландырумен жаңа аурухана салынды

Түркістан облысы, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округінде «Әл Каусар» медицина-сауықтыру орталығы ашылды. Жеке кәсіпкер Шерзад Нишановтың демеушілігімен бой көтерген жаңа медициналық орталық 70 төсек — орынға лайықталған. Инвестиция көлемі 120 млн. теңге. Емдеу мекемесі физиотерапия, ішек жолдарын тазарту, неврологиялық және жүрек емдеуге қажетті замануи үлгідегі медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

«Әл Каусар» медицина-сауықтыру  орталығының ашылуына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Түркістан облысына іссапары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов арнайы  қатысты. Көпұлтты Сайрам ауданында ашылған жаңа медицина-сауықтыру орталығында 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі Түркістан облысында қарқынды дамыған медицина саласының жетістіктеріне тоқталып, мемлкеттік — жекеменшік серіктестік аясында бой көтерген медициналық мекемелердің саны артқанын атап өтті.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Медицина саласына тартылған инвестиция көлемі күн санап артуда. Жекеменшік клиникалар Ордабасы ауданында, Кентауда, Шардара ауданында салынып жатыр. Медицина саласын дамытуға жан — жақты күш салынады»

Мемлекет басшысы Қазақстанның көпэтносты халқын болашағы біртұтас ұлтқа біріктіру – этносаралық қатынастар саласындағы басты міндет екеніне айрықша назар аударды. «Түркістан облысында бірнеше кездесу өткіздік. Дәл қазір керемет медицина орталығын ашып жатырмыз. Деген өңір басшысы  жергілікті халықтың еңбекқорлығына ерекше тоқталды.

Түркістан облысы халқының құрамы саналуандығымен  ерекшеленеді, өңірде 50-ден астам этностар мен этностық топтардың өкілдері тұрады.
Облыста 11 этномәдени бірлестік бар, аудандар мен қалаларда 7 филиал және 14 өкілдік жұмыс істейді.

x

Check Also

42% нового жилья и 27% роста строительства: Шымкент впечатляет показателями

Шымкент уверенно подтверждает свой статус экономического центра Казахстана, став лидером среди регионов страны с рекордным ростом экономики на 12% за ...

Шымкентте 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

Шымкент қаласында 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта 15 тамыз бен ...