Ералы Тоғжанов Шымкентте ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысын өткізді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын түсіндіру және орындау жөніндегі жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Шымкент қаласының әлеуметтік нысандарын аралады.

Ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысында Вице-Премьер республика бойынша вакцинациямен қамтудың жоғары қарқынының арқасында Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғаны туралы атап өтті. Сонымен қатар Ералы Тоғжанов әкімдіктің алдына мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының барлық мақсатты индикаторларына қол жеткізу қажеттілігі туралы міндет қойды. Сондай-ақ, оқу жылының дәстүрлі форматта басталуына байланысты мектептерде санитариялық нормаларды сақтау жұмыстарын күшейту тапсырылды. Қаланың медициналық мекемелері ұжымдарымен кездесу барысында Е. Тоғжанов мемлекеттің қаржылық қолдауының арқасында медициналық мекемелер азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

«Низамхан» жеке мектебін аралау барысында Ералы Тоғжанов Шымкент қаласындағы жеке мектептер желісін дамыту бойынша жұмысқа оң баға беріп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Президент Жолдауында елдегі биологиялық қауіпсіздікті және нарықты отандық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді тапсырды. «Химфарм» АҚ, «KazMedPribor» ЖШС аралау барысында мемлекеттік органдарға отандық өндірушілерге қолдау көрсету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сапар соңында вице-премьер Е. Тоғжанов қала басшылығына бірқатар тапсырма берді.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...