Пара алушылар мен берушілер қатаң жазаланатын болады

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевтың төрағалығымен «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж. Қамбар, Превенция және парасаттылық басқармасы басшысының м.а.
А. Колосковтың қатысуымен Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті.
Іс-шара барысында Т.Серікбаев Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді қалыптастыру бойынша нақты қадамдар қабылданып жатқанын атап өтті.
 
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі қабылданды, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлықтар алуына толық тыйым салынды, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдануға тыйым салынды.
«Жауапкершіліктің күшеюі заңсыз сыйақы алушыларға ғана емес, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарға да қатысты болды.
Азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсінуі керек және жаңа енгізілім қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.
Алушылар да, берушілер де қатаң жазаланатын болады», — деді Т.Серікбаев.
 
Департамент басқармасы басшысының м.а. А. Колосков пара алғаны және бергені, сондай-ақ парақорлыққа делдал болғаны үшін Қылмыстық кодексте белгіленген санкциялар туралы айтып өтті. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға сыбайлас жемқорлық үшін жазаны күшейтуге қатысты заңнамалық новеллалары түсіндірілді.
Жани Қамбар өз баяндамасында мемлекеттік қызметшілердің сыйлықтар алуына байланысты шектеулерге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеу институтына енгізілген өзгерістерге назар аударды.
 
«Жаңалық мынада: егер бұрын ең жоғары төлем 100 АЕК болса, енді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін, егер пара немесе келтірілген залал мөлшері немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың АЕК-тен (2 917 000 теңге) асса, бір жолғы төлем ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал сомасынан 10% құрайды, бірақ 4 мың АЕК (11 млн 668 мың теңге) аспайды».
Іс – шара соңында Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а. Ләззат Битемир өткізілген осындай іс-шаралардың оң тәрбиелік әсерін көрсете отырып, алғысын білдірді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — әрбір азамат пен мемлекеттік қызметшінің борышы екенін атап өтті.
x

Check Also

Қоғамдық көлікте тегін жүретін азаматтар саны артты

Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес, 2024 жылдың 1 мамырынан бастап қоғамдық көлікте 14 жекелеген санаттағы азаматтарға ...

Жоспар талқыланып, меже нақтыланды

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер төрағаларының қатысуымен «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында ...