Шымкентте 50-ден астам инвестициялық жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелденуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте 50-ден астам инвестициялық жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелденуде

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев Департаменттің ағымдағы жылғы 8 айдағы жұмысын қорытындылаған брифинг барысында мәлімдеді.
«Маңызды бағыттардың бірі — кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау. Кәсіпкерлікті кешенді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында «Protecting Business and Investments, яғни бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасын іске асырудамыз.
Инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынуының басты шарты мемлекетіміздің аумағында адал және парасатты бизнес жүргізу бойынша өзіне міндеттеме алу болып табылады» — деп хабарлады спикер.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен 95 млрд. теңге сомасына 53 инвестициялық жоба қамтылып, 15-тен аса кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтірілген.
Талғар Серікбаев бизнес өкілдерін мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік қысым болған жағдайда Департаментке жүгінуге шақырып, міндетті түрде тиісті шаралар қабылданатындығын жеткізді.
Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...