Абай ауданында жастарға қызмет көрсету бөлімшесі ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Абай ауданында жастарға қызмет көрсету бөлімшесі ашылды

Шымкент қаласының Абай ауданында «Жастар ресурстық орталығының» бөлімшесі ашылды. Аталмыш ғимараттың тұсаукесер рәсіміне Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов және «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ерлан Айтбаев қатысты.
Үш қабатты ғимаратта орналасқан «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінде жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша бағыт-бағдар көрсетіледі. Сондай-ақ мамандар осы мәселе бойынша шалғай елді мекендерге барып жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
 
Бөлімшеде бұдан өзге коворкинг, яғни жастардың демалыс аймағы жұмыс істейді. Онда олар кітап оқып, түрлі ойындар ойнап, уақытты тиімді өткізе алады. Сонымен бірге жастарға медиациялық және психологиялық көмектер көрсетіледі. Жастармен кездесу барысында аудан әкімі Б. Парманов кикбокстан Венгрияда өткен әлем чемпионатында жеңіспен оралған №66 орта мектептің 11 сынып оқушысы Сырымбек Белесбекті марапаттап, жастармен «галстуксыз» бейресми кеңес өткізді.
x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...