Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Осы ұлы мереке қарсаңында Шымкент қаласы Әдістемелік орталықта 2021 жылдың 06.09-30.09 аралығында жылдық жұмыс жоспары негізінде гуманитарлық пәндер (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және өзбек тілі мен әдебиеті) педагогтері арасында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында (аралас форматта) айлық іс-шара басталды.
Айлық іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды насихаттау, әлемдік тіл ретінде ағылшын тілін жетік меңгеруді тіл-татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру және оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту.
Айлықтың үшінші аптасында 20.09-24.09.2021 аралығында ағылшын тілі пәні апталығы. Тілдер мерекесіне орай білім беру ұйымдарында іс-шара жоспары бекітіліп, жоспар негізінде білім алушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге, әлемдік тіл – ағылшын тілін жете меңгеруне халықты біріктірудің маңызды факторы өскелең ұрпаққа ұғындыру және оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүйелі үйлесімдік табуда.
Атап айтар болсақ, №40 мектеп-гимназиясы 9-сынып оқушылары арасында «Festival of languages» ағылшын тілі кеші ұйымдастырылды.
Аталған шараға мектеп-гимназияның барлық 9-сынып оқушылары белсенді қатысты. Ағылшын тілі кеші барысында тілінің бұдан әрі дамуының өзекті мәселелері талқыланып, Қазақстан жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу, өзге тілдің бәрін біл өз тіліңе құрметпен қарау сияқты мәселелер ортаға салынды. Мерекелік іс-шара мектеп-гимназия басшыларының құттықтау сөзімен ашылды.
«Тіл-татулық тірегі» тақырыбында (аралас форматта айлық іс-шара келесі аптада өзбек тілі мен әдебиеті пәні бойынша жалғасын таппақ.