Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында республикалық сынып сағаттар өтті

Қазақстан Республикасы ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасына және 2021 жылғы 10 ақпандағы Шымкент қаласы әкімінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын Шымкент қаласында мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына, әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында сынып сағаттары өткізілді.
 
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ұғыну арқылы қазақстандықтардың патриоттық сезімін күшейту. Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі нәтижелері мен болашағы туралы жасұрпақтың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған шара №137 жалпы орта білім беретін білім беру мектебінен бастау алды.
 
Аталған шараға Философия докторы, «Құрмет» орденінің иегері, білім саласының ардагер ұстазы-Байғұтов Нышан Тасболатұлы, «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы – Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз – Жандосова Баян Айтбекқызы, Әдістемелік орталық директоры – М.Медетбекова қатысты.
Сынып сағат барысында шәкірттер кездесуге келген қонақтарға сұрақтар қойып, еліміздің өткені мен болашағы туралы қызу пікірталас ұйымдастырды.
x

Check Also

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

В мероприятии, которое прошло в зоне отдыха Арбат, приняли участие 150 человек в возрасте от 10 до 21 года. Среди ...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте жастар арасындағы «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті. Арбат демалыс аймағында өткен ...